Контентке өту
Google Play Games
Негізгі контенттің басы.
Google Play Games

Мобильдік құрылғы мен компьютердегі үзіліссіз ойын

Ұнайтын ойынды тауып алыңыз

Мобильдік құрылғы мен компьютерде ойнауға арналған кемінде 200 000 ойын жиналған жоғары деңгейдегі каталогтен өзіңізге керегін таба аласыз.

Бонустар жинаңыз

Ойындар сатып алу үшін пайдалануға болатын Google Play ұпайларын1 жинаңыз және Points мүшесі ретінде айрықша бонустар алыңыз.

Ойын туралы жаңалықтар алып отырыңыз

Ұнататын ойындарыңыз бен жеткен жетістіктеріңіз туралы жаңалықтар ыңғайлы "Сіз" қойындысында2 көрсетіледі.

Жалғастырған соң, Google Play Games on PC туралы электрондық хат аласыз.
Тағы көру үшін айналдырыңыз

Түрлі құрылғыларда еш қиындықсыз ойнаңыз

Ойындар жинағын және прогресіңізді синхрондаңыз3. Сонда жол-жөнекей телефоннан немесе үлкен экраны мен жақсырақ басқару элементтері бар компьютерден ойнап жатсаңыз да, тоқтаған жеріңізден жалғастыра аласыз.

Өзіңізге лайық ойынды табыңыз

Google Play Games-де мобильдік құрылғыға және компьютерге арналған 200 000-нан астам ойынның ішінен әркім өзіне лайығын таба алады. Әр ойын жөнінде ұсыныстар мен толық ақпарат алыңыз, сол кезде келесіде қай ойын ұнайтынын біле аласыз. Мобильдік құрылғыда және компьютерде қолжетімді ойындарды қарап шығыңыз.

Play Points ұсыныстары
Play Points
Сыйлықтар мен бонустар
Тиындар
Танымбелгілер

Ойын ойнап, бонустар алыңыз

Google Play ұпайларымен келесі деңгейдің бонустарына қол жеткіңіз. Бұл – Google Play-дің жеңілдіктерді және ойындағы элементтерді пайдалану үшін ұпайлар мен бонустар алуға мүмкіндік беретін сыйақы бағдарламасы. Қаншалықты Play ұпайларын алсаңыз, соншалықты марапаттарға, бонустарға және ақшамен сатып алу мүмкін емес тәжірибеге ие боласыз. Қазір қосылу1.

Үздіксіз сериялар
Жеңілдіктер
Ойындар
Жетістіктер

Реттелген ойын ақпараты

"Сіз" қойындысының ортасында геймер профилі орналасқан. Мобильдік құрылғыда профиль белгішесін түрту арқылы "Сіз" қойындысынан геймер профиліне кез келген уақытта оңай ауыса аласыз. Мобильдік құрылғы мен компьютерде бір профильді пайдалансаңыз, ойындарыңыздағы статистикаңызды, серияларыңызды, ойын прогресін және жетістіктеріңізді оңай қадағалай аласыз. Әрбір жетістікті, әрбір жеңісті атап өте аласыз.

Ойнап отырғанда бәрінен хабардар болыңыз

Gemini Live функциясы бар Google Play Games көмекшісі — ойыннан шықпай-ақ статистикалық деректерді, жетістіктерді және кеңестерді оңай көруге мүмкіндік беретін жаңа ойын серігі. Ойнап отырып, Gemini Live арқылы нақты уақыт режимінде әңгіме түріндегі нұсқаулар ала аласыз. Көмекші Google Play-ден жүктеп алынған ойындарды ойнағанда ғана істейді. Ол жақында мобильдік құрылғыларда шығады.

Ойынды Google көмегімен қорғаңыз

Google ұсынған қауіпсіздікпен мобильдік құрылғыда және компьютерде алаңсыз ойнаңыз. Деректеріңіз бен құрылғыларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Google Play біз ұсынатын әрбір ойынды 10 000 қауіпсіздік тексерісінен өткізеді.

Сұрақ-жауап

Google Play Games платформасы мобильдік құрылғыдағы, планшеттегі және компьютердегі ойын процесін жақсартады, осылайша түрлі құрылғыларда геймплейді ыңғайлы етеді. Платформа мобильдік құрылғы мен компьютерге арналған бір геймер профилін, барлық құрылғыда ойнауға болатын ойындардың үлкен каталогін, ойын кезінде берілетін бонустарды, ойын туралы реттестірілген ақпаратты және ойыннан шықпай-ақ оңай ақпарат алуға мүмкіндік беретін серік — Gemini Live бар Play Games көмекшісін ұсынады. "Сіз" қойындысы және көмекші алдымен мобильдік құрылғыларда іске қосылады.
Мобильдік құрылғыдан қосылу жолы:
  1. Android құрылғысында Google Play Store қолданбасын ашыңыз.
  2. Профиліңіздің суретін түртіңіз.
  3. "Google Play Games-ге қосылу" түймесін түртіңіз.
  4. Геймер профилін жасауға арналған нұсқауларды орындаңыз.

Компьютерден де Google Play Games-ге қосылуға болады:
  1. Windows компьютеріне немесе ноутбугына Google Play Games қолданбасын жүктеп алыңыз.
  2. .exe файлын ашып, экранға шығатын нұсқауларды орындаңыз.
  3. Google Play Games on PC арқылы аккаунтты реттесеңіз, Google Play Games профилі автоматты түрде реттеледі. Барлығы дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Анықтамалық орталық мақаласын оқыңыз. Google Play Games on PC қолданбасы 140-тан астам аймақта қолжетімді. Осы аймақтарда тұратын, талаптарға сәйкес келетін құрылғысы бар кез келген пайдаланушы компьютерде ойнай алады.
Иә. Android мобильдік құрылғысы болмаса да, Windows компьютерінде Google Play Games-ді пайдалана аласыз. iOS мобильдік құрылғыларында бар көптеген ойынды Google Play Games on PC-де де ойнауға болады.
Бір Google аккаунтында тек бір геймер профилін реттеуге болады. Бірнеше Google аккаунтыңыз болса, бірнеше профиль жасай аласыз.
Жоқ, Google Play Games-ді мобильдік құрылғыда немесе компьютерде пайдалану үшін ақы төлеудің керегі жоқ. Алайда ойынға немесе ойындағы элементке төлеу қажет болуы мүмкін.
Барлық құрылғыда таңдауға болатын ойындар түрі көп. Мобильдік құрылғыда және компьютерде ойнауға болатын ойындарды қарап шығыңыз.
Android мобильдік құрылғысына ойындар орнату үшін Google Play Store-ды ашып, керекті ойынды іздеп табыңыз да, "Орнату" түймесін түртіңіз. Компьютерге орнату үшін онда Google Play Games параметрлерін реттегеннен кейін, керекті ойынды іздеп табыңыз да, "Орнату" түймесін түртіңіз.
Егер Google Play Games-ге қосылмасаңыз, Android мобильдік құрылғысында "Сіз" қойындысы немесе Play Games көмекшісі сияқты кейбір функцияларды пайдалана алмайсыз.
Play Games профилін жою туралы мәліметті осы жерден алыңыз.
Компьютер мына минималды талаптарға сай болуы керек:
  • Windows 10 (v2004)
  • Жад көлемі 10 ГБ болатын SSD дискісі
  • IntelⓇ UHD Graphics 630 графикалық процессоры немесе баламасы
  • 4 физикалық ядросы бар орталық процессор
  • 8 ГБ ЖЖҚ
  • Windows әкімші аккаунты
  • Қосулы жабдық виртуализациясы

Google Play Games

Әрекетке қосылу

Жалғастырған соң, Google Play Games on PC туралы электрондық хат аласыз.